Accessibility links

Бішкекте ЛГБТ-ға қарсы акция өтіп жатыр


Бішкектегі ЛГБТ қоғамдастыққа қарсы акция. 19 мамыр 2016 жыл.
Бішкектегі ЛГБТ қоғамдастыққа қарсы акция. 19 мамыр 2016 жыл.

Бішкекте мемлекеттік КТРК телеарнасы алдында "ЛГБТ қоғамдастығына қарсы" акция өтіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, акцияға ондаған адам қатысуда. Бүгін бұдан бұрын бұл акция Бішкектегі Ұлттық филармония алдында өткен.

Акцияға қатысушылардың айтуынша, елде ақпарат құралдары арқылы ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) қозғалысын "насихаттау науқаны" жүргізіліп жатыр. Қарсылық акциясына жиналғандар "Қырғызстанда дәстүрлі құндылықтарды сақтауға" шақырады.

Акцияға қатысушылармен кездесуге шыққан КТРК басшысы Илим Карыпбекованың айтуынша, телеарна "барлық азаматқа бірдей" қызмет етеді. Карыпбекованың сөзінше, оның қандай да бір бағдарламаға басымдық беріп, я тыйым салуға хақы жоқ.

Бүгінгі акциядан бірнеше күн бұрын КТРК эфирінде "Ой ордо" бағдарламасы шыққан. Онда жыныстық азшылық өкілдерінің құқығы талқыланған.

XS
SM
MD
LG