Accessibility links

Тәжікстанның солтүстігінде бес имам ұсталды


Тәжікстандағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).
Тәжікстандағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның солтүстігіндегі Канибадам ауданында экстремистік әрекет қызметпен айналысты және жасөспірімдерді шетелде әскер қимылдарға қатысуға тартты деген күдікпен бес имам ұсталды. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, ұсталғандар Ходжанд қаласында абақтыда отыр.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, имамдар "Мұсылман бауырластар" тобына қатысы бар және жасөспірімдерді Сириядағы әскери қимылдарға қатысуға тартуға бар деп айыпталады. Имамдар Канибадам ауданының бір ай бұрын қамалған имамдарының ақпараты бойынша ұсталған.

Сәуір айында билік Соғды облысында алты имам ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандардың 1990 жылдары-ақ аталған экстремистік топ идеяларын сіңіріп, соңғы кезге дейін оған сенгені хабарланған.

Азаттық ұсталған имамдардың адвокаттарымен сөйлесе алмады. Канибадам қаласы ен облыстық әкімшілігі бес имамның ұсталғанын растады. Канибадам әкімдігінің дін істері жөніндегі бөлімінің бастығы Хасан Бобошукуров имамдар экстремистерден "мемлекетке жақсылық жасамау және бағынбау идеясын" қабылдап алған.

Тәжікстанда "Мұсылман бауырластар" ұйымының қызметіне 2006 жылы тыйым салынған. Бірақ қазірге дейін бұл ұйымға мүше болды деген айыппен қамау оқиғасы өте сирек кездеседі.

"Мұсылман бауырластар" - 1928 жылы Египетте құрылған халықаралық діни-саяси ұйым. Ұйым көп елде террористік деп танылып, тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG