Accessibility links

Оралда белсенді Лұқпан Ахмедьяров 15 күнге қамалды


Азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяров пен адвокаты Жанар Балғабаева сотта отыр. Орал, 19 мамыр 2016 жыл.

Азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяров пен адвокаты Жанар Балғабаева сотта отыр. Орал, 19 мамыр 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімшілік сотының судьясы Роза Сариева азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяровты 15 күнге қамауға үкім етті.

Белсендіге әкімшілік кодекстің 488-бабы 3-бөлімі ("бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет өткізу тәртібін бұзу") бойынша айып таққан.

Лұқпан Ахмедьяров Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған, 21 мамырда өтуі мүмкін делінген жерге қатысты митингіге байланысты жазбасына бола бүгін таңертең ұсталған.

Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі екі-үш күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстап, сот 10-15 тәулікке абақтыға жапқан азаматтар саны 20-дан асты.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG