Accessibility links

Футзалдан әлем біріншілігіндегі Қазақстан қарсыластары анықталды


Футзалдан Қазақстан құрамасы.
Футзалдан Қазақстан құрамасы.

Футзалдан биыл 10 қыркүйек - 2 қазанда Колумбияда өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан Аргентина, Коста-Рика Соломон аралдарымен бірге Е тобына түсті.

А тобында Колумбия, Португалия, Өзбекстан және Панама, В тобында Таиланд, Ресей, Куба және Египет, С тобында Парагвай, Италия, Вьетнам, Гватемала, D тобында Украина, Бразилия, Мозамбик, Австралия, F тобында Иран, Испания, Марокко, Әзербайжан ойнайды.

Әр топтан үздік шыққан екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Сонымен қатар әр топтан үшінші орын алған командалардың ішінен үздік нәтиже көрсеткен төрт құрама да 1/8 финалға шығады.

Қазақстан биыл өтетін әлем чемпионатына жолдаманы Польшамен сарапқа салып, жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG