Accessibility links

Алматыда Республика алаңы маңы қоршалды


Алматының орталық алаңы (Көрнекі сурет).

Алматының орталық алаңы (Көрнекі сурет).

Алматының орталығындағы Республика алаңы маңын полиция қоршауға алды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, алаңға келіп тірелетін Байсейітова көшесін Абай даңғылымен қиылысатын тұсынан бастап қоршаған. Полиция әзірге не үшін қоршауға алғаны, қандай оқиға болғаны туралы түсінік бермей тұр.

Куәгерлердің айтуынша, Байсейітова көшесі бойынан "белгісіз пакет" табылған. "Қоршауға алынған аймақта орналасқан үйлерден тұрғындар мен кеңселерден қызметкерлерді шығармай тұр. Полиция қызметтік итпен аулаларды тексеріп жүр" деген куәгерлер.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінен бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме алу мүмкін болмай тұр.

XS
SM
MD
LG