Accessibility links

Атырауда Талғат Аянның әке-шешесінің үйін тінтіп жатыр


Белсенді Талғат Аянның ата-анасының пәтерін тінту кезінде талып қалған адамға .келген жедел жірдемқызметкерлері. Атырау, 20 мамыр 2016 жыл.
Белсенді Талғат Аянның ата-анасының пәтерін тінту кезінде талып қалған адамға .келген жедел жірдемқызметкерлері. Атырау, 20 мамыр 2016 жыл.

Атырауда азаматтық белсенді, рұқсатсыз митингіге қатысуға заңсыз шақырды деген айыппен 15 тәулікке әкімшілік қамауда отырған Талғат Аянның әке-шешесінің үйіне тінту жасап жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Авангард шағын ауданындағы 6-үйде орналасқан Талғат Аянның пәтерін тінтіп жатқандар есікті іштен бекітіп алған. Тінту жүргізушілер өздерінің қайдан келгенін, не мақсатпен тінту жүргізіп жатқанын айтпайды, тек "прокуратура Пәтерде Талғат Аянның әкесі Төлеуғали Аян мен Шешесі Ұлдай болған. Пәтерге ешкімді, оның ішінде адвокат Бақберген Айтмамбетовті де кіргізбейді.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі Талғат Аянның анасы Ұлдайдың жүрегі ұстап талып қалғанын, жедел жәрдем қызметі жеткенін айтады.

XS
SM
MD
LG