Accessibility links

Алматыда орталық алаңдағы қоршау алынды


Алматыдағы орталық Республика алаңы (Көрнекі сурет).

Алматыдағы орталық Республика алаңы (Көрнекі сурет).

Алматыда орталық Республика алаңы маңына қойылған полиция қоршауы алынды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бүгін таңертең полицияның Бәйсейітов көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін - алаңға келіп тірелетін тұсын қоршауға алғаны хабарланған.

Кейбір жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қоршауға алынған аумақтағы кәріз люгінен "арматура сынықтары, жанғыш сұйықтығы бар шөлмектері бар пакет" тапқан. Аудан қоршауға алынған кезде онда саперлер, қызметтік иттері бар кинологтар жұмыс істеп, өрт сөндіру көліктері болған.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті әзірге оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

XS
SM
MD
LG