Accessibility links

Атырауда Макс Боқаевтың да үйін тінтіп жатыр


Азаматтық белсенді Макс Боқаев ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсы митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Азаматтық белсенді Макс Боқаев ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсы митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Атырауда азаматтық белсенді, рұқсатсыз митинг ұйымдастырмақ болды деген айыппен 15 тәулік әкімшілік қамауға алынған Макс Боқаевтың пәтерін тінтіп жатқаны хабарланды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Боқаевтың Авангард ықшамауданындағы Құрманғазы көшесіндегі пәтерін тінту туралы құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева хабарлаған. Үйде Макс Боқаевтың анасы ғана бар. Тінтуге келгендер өздерінің қайдан екенін, не үшін тінту жасап жатқанын айтпайды.

Бүгін Атырауда сонымен қатар 15 тәулікке қамалған тағы бір белсенді - Талғат Аянның Атырау іргесіндегі Геолог елді мекеніндегі өз үйі мен Атыраудағы ата-анасының пәтерін тінтіп жатыр. Бүгін түске дейін кеше 15 тәулікке қамалған тағы бір белсенді Ерлан Башақовтың әйелінің жұмыс кеңсесі де тінтілген.

Макс Боқаев пен Талғат Аян Атырауда 24 сәуірде өткен "жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруге" наразылық митингісін ұйымдастырғандардың бірі болған. Митингіде сөйлеген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Макс Боқаевтың "митингіні ұйымдастырғандар қуғындалмасын" деген талабы орындалатынына уәде берген. Кейін Макс Боқаев жер мәселесіне қатысты жаңадан құрылған республикалық комиссия құрамына кіргенімен, бірқатар талап қойып, комиссия жұмысына қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG