Accessibility links

Алматы ІІД: "Молотов коктейлі" мен арматура кесінділері табылды


Алматыдағы Республика алаңына жақын тұрған полицей көліктері (Көрнекі сурет).

Алматыдағы Республика алаңына жақын тұрған полицей көліктері (Көрнекі сурет).

Алматы полициясы қаладағы Республика алаңы мен Астана алаңына жақын маңнан әлдебір "жасырылған" заттар табылғанын хабарлады. Алматы ішкі істер департаментінің мәліметінше, "жасырылған заттар арасынан жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер, ондаған арматура кесінділері, метал шыбықтар мен бензин құйылған канистралар" табылған.

Полицияның ақпаратына қарағанда, қалада екі пәтерден бес адам ұсталып, "бірнеше атыс қаруы, олардың оқ-дәрілері, төрт РГД-5 гранатасы мен бес миллион теңге" тәркіленген.

Бүгін түске дейін полиция Республика алаңына жақын Бәйсейітова көшесін Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта қоршауға алған. Түске жетпей қоршау алынған.

XS
SM
MD
LG