Accessibility links

Болат Назарбаев украиналық банк акцияларын сатып алды


Болат Назарбаев (оң жақта), қазақстандық кәсіпкер
Болат Назарбаев (оң жақта), қазақстандық кәсіпкер

Украинаның ұлттық банкі 20 мамыр күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа "Евробанктің" 50 пайыз үлесін сатып алуға рұқсат етті. Украина ұлттық банкінің вебсайтында келісім-шарттың бағасы көрсетілмеген. Дәл қазір "Евробанктің" 50 пайыз акциясы "Фидобанк" басшысы Александр Адаричке қарайтын "Финанс аналит сервис" консалтинг фирмасына тиесілі екені хабарланған.

Украина ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, "Евробанк" акцияларының екінші бөлігін сатып алушы да Қазақстан азаматы. Әзірше сатып алушының өтініш берген құжаттары қарастырылып жатыр, банк шешім қабылдамаған. Ұлттық банк бұл сатып алушының аты-жөнін жарияламаған, кейбір украиналық БАҚ оның Гүлмира Сәрсембаева екенін айтады.

Биылғы 1 сәуірге дейінгі мәлімет бойынша украиналық "Евробанк" актив көлемі бойынша 1,7 миллиард доллар қаржысымен осы елдегі банктердің ішінде 47-орында тұр.

XS
SM
MD
LG