Accessibility links

Алматыда Республика алаңына адамдарды өткізбейді


Республика алаңында тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Республика алаңында тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Алматыда Республика алаңы мен оған жапсарлас көшелерде бүгін таңертеңнен бастап полиция көліктері, оның ішінде он шақты микроавтобус пен автобустары тұр. Алаңның бұрыш-бұрышында полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі адамдар тұр, алаңға адамдарды кіргізбейді. Қазір Сәтбаев көшесі мен оның алаңды кесіп өтетін бөлігінде көлік қозғалысы шектелген.

Кеше Алматы ішкі істер департаменті (ІІД) полиция "күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін" хабарлаған. Қаланың кіреберіс тұстарында блко-посттар күшейтіліп, бейнебақылау камераларындағы мәліметтер талданып жатыр.

20 мамырда ІІД полиция Республика алаңы мен Астана алаңына жақын маңнан "жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер, арматура кесінділері, метал шыбықтар, бензин құйылған канистралар" табылғанын хабарлаған. ІІД бұған қоса қалада бес адам ұсталып, олардан "бірнеше атыс қару-жарағы мен оның оқ-дәрілері" тәркіленгенін де айтқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда Қазақстан бойынша жер мәселесіне қатысты митингілер өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған. Соңғы күндері кем дегенде 25 адам, оның ішінде белсенділер мен әлеуметтік желі қолданушылары жер мәселесіне қатысты пікірлері мен ықтимал митинг туралы айтқаны үшін қамалған.

XS
SM
MD
LG