Accessibility links

Атырауда орталық алаң қоршауға алынды


Орталық Исатай-Махамбет алаңын полиция қоршап тұр. Атырау, 21 мамыр 2016 жыл.
Орталық Исатай-Махамбет алаңын полиция қоршап тұр. Атырау, 21 мамыр 2016 жыл.

Атыраудың орталық Исатай-Махамбет алаңын полиция қоршауға алды. Алаңға кіреберіске метал қоршаулар орнатылып, полиция қызметкерлері алаңға қарай көлік пен жаяу жүргіншілерді кіргізбей тұр.

Алаң айналасындағы ғимараттар төбесінде мергендер байқалады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған. Қазақстан бойынша соңғы күндері билік орындары шеруге қатысты жазба жариялаған ондаған азаматтық белсенділер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тергеуге шақырып, олардың кейбірін қамауға алған.

Исатай-Махамбет алаңы маңындағы ғимарат төбесінде отырған мерген. Атырау, 21 мамыр 2016
Исатай-Махамбет алаңы маңындағы ғимарат төбесінде отырған мерген. Атырау, 21 мамыр 2016

20 мамырда Атырауда "рұқсатсыз митинг өткізбек болды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған азаматтық белсенділердің үйлеріне тінтулер жүргізілген. Құқық органдарі өкілдері Талғат Аянның ата-анасының үйіне, Макс Боқаевтың пәтеріне, Ерлан Башақовтың үйі мен әйелінің жұмыс кеңсесіне тінту жүргізген. Белсенділердің туыстарына көрсетілген тінту туралы хаттамада аталған белсенділер мен тағы бірнеше адамның үстінен "билікті күштеп басып алу және конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді насихаттау" туралы қылмыстық іс бойынша тергеу басталғаны жазылған.

XS
SM
MD
LG