Accessibility links

Азаттықтың Атыраудағы тілшісін ұстап әкетті


Атыраудың орталық Исатай-Махамбет алаңында тұрған полиция қоршауы. 21 мамыр 2016 жыл.

Атыраудың орталық Исатай-Махамбет алаңында тұрған полиция қоршауы. 21 мамыр 2016 жыл.

Азаттықтың Атыраудағы тілшісі Сәния Тойкенді бүгін орталық Исатай-Махамбет алаңы жанынан полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Ол редакцияға өзін полиция қызметкерлері автобусқа отырғызып, Атырау қалалық ішкі істер департаментіне алып бара жатқанын хабарлап үлгерді. Тілшінің айтуынша, полиция өкілдері оның ұялы телефонын тартып алуға әрекет жасаған.

Сәния Тойкен мұның алдында редакцияға алаңнан суреттер жіберіп, алаңды полиция қоршап тұрғаны және оған көлік пен жаяу адамдарды өткізбей жатқаны, алаң айналасындағы ғимараттар төбесінде мергендер байқалғаны туралы хабарлаған болатын.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамыр күні жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтетіні туралы ақпараттар тараған. Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов жұма күні жасаған ресми мәлімдемесінде «заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру я оған қатысу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке апарып соқтыратыны» туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG