Accessibility links

Астанада Азаттық тілшілерін полиция ұстап әкетті


Полиция ұстап әкеткен Азаттық тілшілері Ержан Әмірханов (сол жақта) пен Мәди Бекмағанбет полиция бөлімінде отыр. Астана, 21 мамыр 2016 жыл.
Полиция ұстап әкеткен Азаттық тілшілері Ержан Әмірханов (сол жақта) пен Мәди Бекмағанбет полиция бөлімінде отыр. Астана, 21 мамыр 2016 жыл.

Астанада Азаттық тілшілері Ержан Әмірханов пен Мәди Бекмағанбетті "Бәйтерек" монументінің жанынан полиция ұстап, Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына апарды.

Полиция бөлімшесінде Азаттық тілшілерінің құжаттарын ксерокстен өткізіп алған. Оларға қазір прокурор келіп, сөйлесетіні айтылған.

Бүгін Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі Дилара Исаны таңертең полиция үйінің жанынан ұстап әкеткен. Атырауда да Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді ұстап, біраз уақыттан соң босатқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған.

XS
SM
MD
LG