Accessibility links

Шымкентте ұсталған Азаттық тілшісі босатылды


Дилара Иса, Азаттықтың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тілшісі.

Дилара Иса, Азаттықтың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тілшісі.

Шымкентте полиция қызметкерлері ұстаған Азаттық тілшісі Дилара Иса босатылды. Дилара Исаны бүгін таңертең сағат 9 шамасында полиция үйінен көшеге шыққан кезде ұстап, күшпен Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасына апарған еді. Тілшіні полицияда 3 сағаттан астам уақыт ұстап түсте жіберген.

- Полицияда "Көшеге не үшін шықтың?", "Қайда бара жатырсың?", "Полицияға қандай шағымың бар?" деген сұрақтар қойып, түсініктеме жаздыртты. Олар фотоаппаратымдағы өздерін түсірген суреттерді, ұялы телефонымдағы олармен сөйлескенімді жазып алған аудио жазбаларды түгел өшіріп тастады. Қызметтік куәлігім мен жеке басымды куәландыратын құжатымды көшірмеден өткізіп алды, - деді Дилара Иса.

Оның сөзінше, полицейлер өз аты-жөнін айтудан бас тартқан. Полиция сонымен қатар Дилара Исаға "үйіңе шабуыл жасалуы, өзіңе аңду жасалуы мүмкін" деп, үйінен шықпауды айтқан.

Дилара Исаға бұған дейін прокуратура 21 мамыр күні митинг өтетін аймаққа бармау туралы ескерту жасаған.

XS
SM
MD
LG