Accessibility links

Полиция ұстаған Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы босады


Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында тұр. 21 мамыр 2016 жыл.

Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында тұр. 21 мамыр 2016 жыл.

Алматыда Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлын полиция босатты. Журналисті күндізгі сағат 11-ден кете "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы алаң жанынан бірнеше адаммен бірге ұстап, автобусқа салып алып кеткен еді.

Азаттық тілшісімен бірге полицияда тағы бірнеше журналист болған. Асылхан Мамашұлын полиция үш сағаттан артық уақыт ұстаған.

Бұған дейін белсенділер әкімдіктен 21 мамырда «жер мәселесіне» қатысты митинг өткізуге рұқст беруді сұрап, бірақ әкімдік одан бас тартқан алаңға бүгін таңертеңнен полиция ешкімді өткізбей тұр.

Бүгін Азаттықтың Алматыдағы тілшілері Нұртай Лаханұлы, Вячеслав Половинко, Астанадағы тілшілері Ержан Әмірхан мен Мәди Бекмағанбет, Атыраудағы тілшісі Сәния Тойкен, Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса және Оралдағы тілшісі Санат Орын Әли ұсталған. Қазірге дейін Санат Орын Әлиден басқа тілшілердің барлығы босатылды.

XS
SM
MD
LG