Accessibility links

Алматыда журналистер мен құқық қорғаушылар ұсталды


Полиция ұстаған Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы (оң жақта) полиция ұстаған өзге де азаматтар Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.
Полиция ұстаған Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы (оң жақта) полиция ұстаған өзге де азаматтар Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейіп, жаппай тұтқындау жүріп жатқан тұста журналистер мен құқық қорғаушыларды ұстап жатыр. Журналист Ермұрат Бәпиді үйінен ұстап, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына әкелген. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымынв құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова хабарлаған.

Алматыда бүгін сонымен қатар журналист, құқық қорғаушы Андрей Свиридов та ұсталды. Азаттықпен әңгімеде ол өзін және "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайды әйелі Маржан Аспандияровамен бірге автобусқа мінгізгенін айтты. Журналист Андрей Гришин Азаттыққа Свиридов, Сәрсенбай және Маржан Аспанжияровамен бірге Алатау аудандық ішкі істер басқармасында екенін айтты. Гришин бұған қоса полицияда олардан саусақ таңбасын түсіріп алғанын да жеткізді.

Андрей Гришин өзін де полиция Абай даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында еш себепсіз ұстап, Медеу аудандық ішкі істер басқармасына жеткізгенін айтады.

Астанада бүгін жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатқан тұста Қазақстанда бірнеше қалада тұрғындарды, журналистер мен құқық қорғаушыларды жаппай ұстап жатыр. Bnews.kz сайтының ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа сілтеме жасап хабарлауынша, министрлік "журналистердің қызметін қолдайды". Бұл министрлік сәуірдің соңы мен мамырдың басында бірнеше қалада өткен жерді сату және шетелдіктерге жалға беруге қарсылық митингілерінен кейін құрылған.

XS
SM
MD
LG