Accessibility links

Азаттықтың Оралдағы тілшісі Санат Орын Әли босатылды


Азаттық тілшісі Санат Орын Әли. Орал, 21 мамыр 2016 жыл.

Азаттық тілшісі Санат Орын Әли. Орал, 21 мамыр 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы полициясы Азаттықтың таңертең ұсталған тілшісі Санат Орын Әлиді 8 сағаттан соң, кешке таяу ғана босатты.

Санат Орын Әли полицияның түсініктеме жазу және саусақ таңбасын түсіру туралы талаптарынан бас тартқанын айтады. Журналист полицияда ұсталған 21 тілшінің, 40 қарапайым азаматтардың тізімін көрген. Олардың көбін біраздан кейін босатқан.

Санат Орын Әлиді қалалық әкімдік маңында кәсіби міндетін атқарып жүргенде полиция ұстап, полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Бүгін Азаттықтың Алматыдағы тілшілері Асылхан Мамашұлы мен Нұртай Лаханұлы және Вячеслав Половинко, Астанадағы тілшілері Ержан Әмірхан мен Мәди Бекмағанбет, Атыраудағы тілшісі Сәния Тойкен, Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса да полицияға ұсталып, босап шыққан.

XS
SM
MD
LG