Accessibility links

Сот Рысбек Сәрсенбайды айыппұл төлеуге үкім етті


"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы.
"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы.

Алматы қаласының әкімшілік соты бүгін полиция ұстаған бірнеше адамды сотқа тартып жатыр. Олардың арасында "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен азаматтық белсенді Маржан Аспандиярова да бар.

Судья Рысбек Сәрсенбайды "қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін" айыпты деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш (42420 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге үкім етті. Сотталушы азамат үкімге қарсы шағымды 10 күннің ішінде бере алады.

Қазір судья өзге азаматтардың ісін қарап жатыр. Айыпталушыларды қорғаушы ретінде сотқа адвокат Гүлнәр Жуаспаева қатысып отыр.

"Жер мәселесіне байланысты митинг өтеді" делінген 21 мамыр күні елдің бірнеше қаласында көшеге шыққан ондаған адамды полиция ұстап әкетіп, көбін кейін босатқан. Ұсталып босағандардың арасында Азаттық тілшілері де болды.

XS
SM
MD
LG