Accessibility links

Тәжікстанда конституцияға өзгертулер енгізу туралы референдум өтіп жатыр


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осы қызметке шексіз мәрте қайта сайлануына жол ашатын түзетулерді конституцияға енгізуге қатысты референдумда дауыс беріп тұр. Душанбе, 22 мамыр 2016 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осы қызметке шексіз мәрте қайта сайлануына жол ашатын түзетулерді конституцияға енгізуге қатысты референдумда дауыс беріп тұр. Душанбе, 22 мамыр 2016 жыл.

Тәжікстанда бүгін ел конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысты бүкілхалықтық референдум өтіп жатыр. Азаматтардың дауыс беруі жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 6:00-да басталған.

Негізгі заңға елдің қазіргі президенті Эмомали Рахмонның осы қызметке қайта сайлануына тыйым салатын шектеуді алып тастау туралы түзету енгізу ұсынылған. Сонымен бірге конституцияға президенттікке кандидаттың ең төменгі жас мөлшерін 35-тен 30 жасқа дейін төмендету туралы өзгеріс енгізу көзделген. Бұл түзету егер Рахмон 2020 жылы президент сайлауына түсуден бас тартқан жағдайда, оның үлкен ұлы Рустам Эмомалиге әкесінің орнына үміткер ретінде сайлауға кандидат ретінде түсуге мүмкіндік бермек дейді талдаушылар.

Бұдан өзге конституцияға елде діни және ұлттық белгілері бойынша саяси партиялар мен бірлестіктер құруға тыйым салатын толықтырулар енгізу ұсынылған.

1994 жылы қабылданған қазіргі конституцияға сәйкес, Эмомали Рахмон 2020 жылы өтетін Тәжікстан президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсына алмайды.

XS
SM
MD
LG