Accessibility links

Петербургте университет ұстаздары мен студенттер митинг өткізді.


Санкт-Петербург мемлекеттік университеті ғимараты.

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті ғимараты.

Ресейдегі Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (СПМУ) ұстаздары мен студенттері бүгін қаладағы Марсово поле алаңында өткізген митингіге бес жүзден астам адам қатысқан. Акция «Көнеден келе жатқан география факультетін қайтарыңдар!», «Университет басшылығы отставкаға кетсін», «Гегорафия болмаса Санкт-Петербург университеті де жоқ!», «СПМУ география факультеті қалпына келтірілсін!», «СПМУ-ді құрту – Ресейді құрту!», «СПМУ қаржысы Есеп-бақылау комитетіне жіберілсін» деген ұрандармен өткен. Оған қатысушылардың Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған резолюциядағы талаптар арасында «СПМУ дамыту жолында басшылықтыкінен өзгеше өзіндік көзқарасы бар оқытушыларды әкімшілік қудалауды және жұмыстан шығаруды тоқтату» туралы да айтылған.

Сонымен бірге митингіге қатысушылар қазіргі уақытта университеттің социология, саясаттану және халықаралық қатынастар факультеттері орналасқан бөлме-жайларды орыс православ шіркеуіне бермеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG