Accessibility links

Грузия Абхазиямен шекарада бақылауды күшейтті


Картада Грузия мен Абхазия екі түске боялып көрсетілген.
Картада Грузия мен Абхазия екі түске боялып көрсетілген.

Грузия Абхазиямен екі арасын бөліп тұрған шекарадағы грузиялық Хурча селосына бүгін таңертең бір топ ішкі істер министрлігі қызметкерлерін орналастырды. Министрлік бұл шешімді бейсенбі күні шекараны кесіп өткен абхазиялық шекарашылардың осы елді мекенде көп куәгерлердің көзінше Грузия азаматы Гигу Отхозорияны атып өлтірген қайғылы оқиғаға байланысты «қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігімен» түсіндірген. Отхозория мен Абхазия шекара қызметі өкілдерінің арасында сөзден сөз шығып, оның ақыры адам қазасына әкелген.

Грузия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Леван Изория журналистерге Отхозорияны басынан атып өлтірген адамды арнайы қызметтің анықтағанын хабарлаған. Оның айтуынша, қылмысқа күдікті ретінде Абхазия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара тобының сарбазы Рашид Канджи Оглиді атаған. Грузия бас прокуратурасы оның үстінен «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Рашид Канджи Огли ресми Тбилисиге бағынбайтын жерде болғандықтан Грузия оған халықаралық іздеу жариялаған.

Хурча селосындағы адам өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық істі Абхазия құқық органдары да қозғаған. Бірақ ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде күдіктінің аты-жөні аталмайды.

Грузия сыртқы істер министрлігі қылмыс үшін жауапкершілікті Ресейге артты.

Бұл төтенше оқиға Абхазияның Гал ауданында Еуропа одағының мониторинг жөніндегі миссиясының қатысуымен, ұзаққа созылған үзілістен кейін алғаш рет өтетін «Дау-жанжалдың алдын алу жөніндегі комиссия» отырысы барысында және маусымның ортасына жоспарланып отырған «Кавказдағы қауіпсіздік бойынша Женева пікірсайысы» кеңесінде талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG