Accessibility links

Ирак әскері Фаллуджаны азат ету операциясын бастады


Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади әскерилер Фаллуджа қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының бақылауынан қайтарып алу операциясын бастағанын хабарлады.

22 мамырда телеарнадан сөйлеген әл-Абади Ирак әскери күштері ИМ-ге қарсы "үлкен жеңісті сәтке жақындап қалғанын" мәлімдеді. Фаллуджа Бағдадтан батысқа қарай 65 километр қашықтықта орналасқан.

Ирак әскерилері соңғы кездері ИМ бақылауындағы территорияларды азат ете бастаған. Таяуа ирак армиясы Бағдадтан батысқа қарай 380 километр қашықтықта орналасқан, Анбар қаласының шет аймағындағы Рутба қаласын қайтарып алған.

ИМ Ирактың солтүстігі мен батысында әлі де болса біраз территорияны, оның ішінде Ирактың екінші ірі қаласы Мосулды бақылауда ұстап тұр.

XS
SM
MD
LG