Accessibility links

Азаттық сайты үшінші күн ашылмай тұр


Азаттық сайтының қосымшасы (Көрнекі сурет).

Азаттық сайтының қосымшасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда Азаттық сайты бүгін де - осымен үшінші күні ашылмай тұр. Азаттық сайты Қазақстанда әлеуметтік желілерде Қазақстанда жер мәселесіне қатысты жаппай бейбіт митингіге шақырған 21 мамырға қараған түні ашылмай қалған.

21 мамыр күні Қазақстанның бірнеше қаласы - Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Орал, Павлодарда полиция жүздеген адамды көшеден, үйінен ұстап алып кетіп, сол күні көбін босатқан. Алматыда 21 мамырда орталық Республика алаңы маңында полиция жер мәселесіне қатысты ой-пікірлерін білдіруге жиналған ондаған адамды ұстап әкеткен. Ұсталғандар арасында журналистер, оның ішінде Азаттықтың аймақтардағы тілшілері де бар. құқық қорғаушылар мен белсенділер де бар.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында жергілікті "Уральская неделя" басылымының сайты мен abai.kz сайты да 21 мамырдан бері ашылмай тұр.

XS
SM
MD
LG