Accessibility links

Стамбулда дүниежүзілік гуманитарлық саммит өтеді


Йордания шекарасынан өтіп бара жатқан сириялық босқындар (Көрнекі сурет).

Йордания шекарасынан өтіп бара жатқан сириялық босқындар (Көрнекі сурет).

Стамбулда 23 мамыр күні БҰҰ демеушілігімен дүниежүзілік гуманитарлық саммит өтеді. Екі күн өтетін саммитке 60-қа тарта мемлекет басшылары қатысады. Саммитте қақтығыс пен табиғи апаттан зардап шегіп, босқын атанғандар мәселесін қалай шешу жайы талқыланбақ.

Әлемде қазір 60 миллионға тарта адам үй-жайынан айырылып, 125 миллин адам көмек пен қорғауға мұқтаж. Жиынға қатысушылар босқындарға көмек беру қажеттілігі бұрынғыдан да өзекті екенін айтады.

Кейбір сарапшылар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сириядағы қақтығыстан шыққан 2,5 миллион босқынды паналатып отырғанын өз елінің босқындар мәселесін шешуге қосқан үлесі ретінде көрсетіп қалмақ дейді.

Саммитте ірі донор елдер мен гуманитарлық ұйымдар көрсететін гуманитарлық көмегінің төрттен бірін 2020 жылға дейін мемлекеттік және жергілікті арналар арқылы аударуға уәде етеді деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG