Accessibility links

Сирияда Алеппоға баратын басты жол бомбаланды


Алеппоның соғыстан қираған аудандарының бірі. Сирия, 17 мамыр 2016 жыл.

Алеппоның соғыстан қираған аудандарының бірі. Сирия, 17 мамыр 2016 жыл.

Ресейлік әскери ұшақтардың Сирияда көтерілісшілер бақылауда ұстап отырған Алеппо қаласына баратын негізгі жолды бомбалағаны хабарланды. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының хабарлауынша, әуе соққылары 22 мамырда Кастеллоға баратын жолға жасалған. Жол әлі ашық болғанымен, онымен жүрі қауіпті болып тұр. Сирия үкімет мен оның Ресей әскерилері әзірге жолдың бомбалануына қатысты түсінік берген жоқ.

Түркиямен шекарадан оңтүстікке қарай 50 километр қашықтықта орналасқан Алеппоны үкімет күштері мен Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан көтерілісшілер бөліп алған. Ақпанда АҚШ пен Ресейдің араағайындығымен жасалған бітім Алеппода ұрыс пен бомбалау қайта жалғасқан соң бұзылған.

Сириялық жетекші көтерілісші топтар 22 мамырда 48 сағатта Сирия армиясы Дамаск маңындағы көтерілісшілер шептеріне шабуылын тоқтатпаса бітім шартын сақтаудан бас тартатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG