Accessibility links

Красноярск өлкесінде "Восточный" кенішінде карьер опырылды


Красноярск өлкесіндегі "Восточный" кеніші (Көрнекі сурет).

Красноярск өлкесіндегі "Восточный" кеніші (Көрнекі сурет).

Ресейдің Красноярск өлкесінің Северо-Енисейск ауданында "Восточный кеніші карьерінде бүгін таңертең қабырға құлады. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнында 150 адам қамалып қалған.

"Бүгін таңертеңгі сағат 10 шамасында ашық карьер бүйірінің ойығы құлады. Салдарынан құлаған жерден төменде 150 жұмысшы мен техника қамалып қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ" деген төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті органдарға. Адамдар карьерден 300 метрден 560 метр қашықтыққа дейін тереңдікте қалып қойған.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға карьер қабырғасының жерасты суларымен шайылып кетуі себеп болған.

"Восточный" карьері Ресейдегі ең ірі алтын кен орындарының бірі Олимпиада алтын кеніші құрамына кіреді. Кеніш 1980 жылдардың соңынан бері игеріліп келеді. Қазір кеніш "Полюс-Золото" компаниясының иелігінде. Мұнда алтын ашық әдіспен өндіріледі. Карьер тереңдігі жерден жарты километрге дейін созылады. Карьерден жылына 50 миллион текше метр тау жынысы шығарылады. 30 жылдан астам уақытта "Восточный" кенішінен 390 тоннадан астам алтын өндірілген.

XS
SM
MD
LG