Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы - Бішкек жолында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл ауданының Ақтерек ауылы түбінде Ford Focus және Honda Elysion көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам оқиға орнында, екі адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін қаза тапқан.

Департамент ақпаратына қарағанда, жол апаты таңертеңгі сағат 7:20-да, Алматы - Бішкек жолының 109-километрінде болған. Қазір Honda Elysion көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханада жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына Ford Focus көлігінің рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетуі себеп болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG