Accessibility links

ЕО-да 2015 жылы 211 теракт жасау әрекеті тіркелді


Бельгия полициясы терроризмге қарсы операция кезінде. Брюссель, сәуір 2016 жыл.

Бельгия полициясы терроризмге қарсы операция кезінде. Брюссель, сәуір 2016 жыл.

Еуропа Одағында (ЕО) 2015 жылы іске асқан және алды алынған теракті саны 200-ден асқан. Бұл туралы Еуропа полициясы (Еуропол) терроризммен күрес орталығының басшысы Мануэль Наваррете Паньягу 23 мамырда ЕО парламентінде алдағы апталарда жасайтын баяндамасы жайлы қысқаша таныстырғанында мәлімдеді.

Оның сөзінше, үкіметтің терроризмге қарсы ауқымды шаралар қабылдап жатқанына қарамастан, діни экстремизм ЕО-ның 28 мемлекеті мен олардың жарты миллиардқа жететін халқының қауіпсіздігі үшін "басты қауіп-қатер" болып қалып отыр.

Паньягу 2015 жылы ЕО-да жасалған терактілерден барлығы 151 адам қаза тауып, 360-тан астам адам жараланғанын айтады. Оның сөзінше, 2015 жылы алды алынған, іске аспай қалған және орындалған 211 теракт тіркелген. Ол сонымен қатар терроризммен байланысты қылмысы үшін 1 мыңнан астам адам тұтқындалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG