Accessibility links

Австрия президенті сайлауында солшыл күштер өкілі жеңді


Австрия президенті сайлауында жеңіске жеткен Александр Ван дер Беллен.

Австрия президенті сайлауында жеңіске жеткен Александр Ван дер Беллен.

Австрия президенттігіне сайлауында солшыл күштер үміткері Александр Ван дер Беллен жеңіске жетті. Оның бәсекелесі, оңшыл күштер өкілі Норберт Хофер соңғы сәтке дейін алда тұрғанымен, соңғы почтамен жіберілген бюллетеньдерді санаудан кейін басымдық Ван дер Беллен жағына ауды. Нәтижесінде Ван дер Беллен 50,3 пайыз, Хофер 49,7 пайыз дауыс алды. Қарсыластарды дауыс берген сайлаушылардың 31 мыңының даусы ғана бөліп тұр.

"Жасылдар" партиясы қолдайтын тәуелсіз үміткер Ван дер Беллен өзінің сайлауалды кампаниясын еуропашыл саясатқа құрған. "Еркіндік партиясы" атынан түскен Хофер сайлау кампаниясында сайлаушылардың Еуропа Одағына қатысты үрейі мен Австриядан пана сұраушылар санының артқанын пайдаланды. Хофер сайлауда жеңілгенін Facebook-тегі парақшасында мойындады.

71 жастағы Ван дер Беллен - экономика профессоры, "Жасылдар партиясының" бұрынғы төрағасы. Ол өзін Австриядан көп нәрсе алған босқындардың баласымын" деп атайды. Ван дер Беллен 1944 жылы Венада орыс пен эстон отбасында туған.

XS
SM
MD
LG