Accessibility links

HRW: Астана 21 мамыр мен оған дейін ұсталғандарды босатсын


HRW ұйымы логотипі (Көрнекі сурет).

HRW ұйымы логотипі (Көрнекі сурет).

Қазақстан билігі 21 мамыр күні және оған дейін ұсталғандарды дереу босатуы тиіс деп мәлімдеді Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы.

Қазақстанда 21 мамыр күні полиция мен полиция жасақтары бірнеше қалада ондаған адамды күшпен ұстап, жоспарланған жер мәселесіне қатысты бейбіт митинг өткізу әрекетін болдырмай тастаған. Полиция сонымен қатар жиындардан хабар таратпақ болған журналистерді, бақыламақ болған құқық қорғаушыларды да тұтқындаған.

"Жүздеген адамның өз ой-пікірін бейбіт түрде білдірмек болғаны үшін ғана ұсталып, басқаларының жиыннан хабар таратқаны, не бақылағаны үшін ұсталуы заңды өрескел бұзу болып саналады" деп мәлімдеді ұйымның Еуропа және Орталық Азия істері жөніндегі директоры Хью Уильямсон.

"Қазақ билігі қамауда отырғандарды, оның ішінде өткен аптада митинг өткенге дейін оған қатысуға ниет білдіргені үшін ғана соталып, қамалғандарды дереу босатуы тиіс. Олар қарсылық кезінде өз қызмет бабын асыра пайдаланған полицейлерді жауапқа тартсын" деід Хью Уильямсон. Оның сөзінше, Қазақстанның азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын шектейтін заңын өзгертіп, тұрғындарға өздерінің билікке қатысты сыни ой-пікірлерін еркін, үрейсіз білдіре алуына мүмкіндік беретін уақыт әлдеқашан жеткен.

XS
SM
MD
LG