Accessibility links

Төрт ел басшылары: ЕҚЫҰ-ның Донбастағы өкілетін күшейту керек


Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Украина президенті Петр Порошенко. Минск, 11 ақпан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Украина президенті Петр Порошенко. Минск, 11 ақпан 2015 жыл.

Ресей, Франция, Германия мен Украина президенттері Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және Петр Порошенко телефонмен сөйлесіп, Украина шығысындағы қақтығысты реттеу жолдарын талқылады.

Кремль Ресей өзі қызметін "үйлестіріп отыратын" ресейшіл сепаратистерге Донбаста сайлау өткізіп, қақтығыста тұтқынға түскен әскерилерге рақымшылық жасауды ұсынғанын мәлімдеді.

Франция президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімеден соң төрт ел басшылары "Минск келісімін орындау міндетін адал екені және келісім талаптарының барынша толықтай орындалуына қолдан келгеннің барлығын жасауға бекініп отырғаны" туралы мәлімдеме жасады.

Кремль төрт ел президенттері бітімнің орындалуына бақылау жасау қажеттігін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылау миссиясының тиімділігін арттыруды талқылағанын мәлімдеді. Кремльдің мәліметінше, төрт ел ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясына қосымша өкілеттік беруді де талқылаған.

2015 жылы ақпанда Минскіде Франция мен Германияның ара ағайындығымен жасалған келісім 2014 жылы сәуірде басталған қақтығысты азайтуға септескен. Бірақ кейін бітім жиі бұзылып, қақтығысты саяси жолмен реттеу әрекеттері тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG