Accessibility links

Сирия терактіге Түркия, Сауд Арабиясы мен Катарды айыптады


Тартус қаласында болған жарылыс орны. Сирия, 23 мамыр 2016 жыл.
Тартус қаласында болған жарылыс орны. Сирия, 23 мамыр 2016 жыл.

Сирия үкіметі Түркия, Катар мен Сауд Арабиясын Башар Асад билігі бекінген елдің Жерорта теңізі жағалауындағы екі қаласы - Тартус пен Джаблех қалаларында болған жарылыстарды ұйымдастырды деп айыптады.

Сирия мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Сирия сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ға хат жолдап, Тартус пен Джаблехтегі жарылыстарды "экстремистер мен Эр-Рияд, Анкара және Доханың арам пиғылды режимдерінің жағдайды шиеленістіру әрекеті" және ол бейбіт процестерді тоқтатуды көздейді деп мәлімдеген.

23 мамырда Тартус пен Джаблех қалаларында бірнеше жарылыс болып, 145 адам аерт болған. Жарылыстардың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алатынын мәлімдеген.

Түркия, Сауд Арабиясы мен Катар Сириядағы түрлі көтерілісші күштерді қолдайды.

Бұл екі қала да салыстырмалы түрде алғанда Сириядағы соғыс қимылдарынан оқшаулау орналасқан.

Ақпан айында Ресей мен АҚШ-тың ара ағайындығымен бітім жасалғанымен, кейін ол бұзылған.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сирияда азамат соғысы басталған 2011 жылдың көктемінен бері 270 мыңнан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG