Accessibility links

Париж санкциядағы Ресей министріне виза бергенін растады


Ресей ауылшаруашылығы миинстрі Александр Ткачев.

Ресей ауылшаруашылығы миинстрі Александр Ткачев.

Франция сыртқы істер министрлігі Париждің Ресей ауылшаруашылығы министрі Александр Ткачевке оның Еуропа Одағының (ЕО) одақ аумағына кіргізуге тыйым салатын санкциясында тұрғанына қарамастан виза бергенін растады. Брюссель санкцияны 2014 жылы Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанына байланысты салған.

Француз сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Ткачев Парижге халықаралық конференцияға қатысуға келгендіктен оған виза беруге шешім қабылданған. Ол 22 мамырда басталған Халықаралық эпизоотиялық бюро ассамблеясына Ресей делегациясын бастап барған.

Александр Ткачевтің аты-жөні "қара тізімге" 2014 жылдың ортасында алынған. Сол кезде ол Краснодарск өлкесінің губернаторы болған және Қырымның ресейшіл үкіметі оны түбекті оккупациялап, заңсыз аннексиялап алуға септескені үшін "Қырымды азат еткені үшін" медалімен марапатталған.

XS
SM
MD
LG