Accessibility links

Stratfor: Сириядағы шабуылда Ресей әскери техникаларының көзі жойылды


Сирияның Латакия провинциясындағы Ресейдің әскери базасындағы ресейлік тікұшақ (Көрнекі сурет),
Сирияның Латакия провинциясындағы Ресейдің әскери базасындағы ресейлік тікұшақ (Көрнекі сурет),

Америкалық Stratfor жеке барлау агенттігінің мәліметінше, спутниктен түсірілген суреттер артиллериядан атқылаудан Сириядағы Ресей пайдаланатын әскери база "кәдімгідей зардап шеккен". Stratfor таяудағы қайтарып алынған тарихи Пальмира қаласы маңындағы шабуыл кезінде ресейлік төрт "Ми-24" тікұшағының көзі жойылғанын айтады. Спутниктен түсірілген суреттер сонымен қатар 20 шақты техниканың көзі жойылған деп "сеніммен айтуға" мүмкіндік береді.

14 мамырда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы базаға жасалған шабуылдың жауапкершілігін мойнына алып, шабуыл салдарынан төрт тікұшақ пен оқ-дәрі тиелген 20 жүк көлігінің көзі жойылғанын мәлімдеген.

Stratfor-дің мәліметінше, шығын көлемі Мәскеу Сириядағы әскери кампаниясында "үнемі тап болатын қауіп-қатер" барын ескертеді.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны "ИМ үгіт-насихаты" деп атады.

XS
SM
MD
LG