Accessibility links

Генерал: НАТО Ресейдің Украинадағы басқыншылығына жауап береді


НАТО әскери комитетінің төрағасы, генерал Петр Павел.
НАТО әскери комитетінің төрағасы, генерал Петр Павел.

НАТО әскери комитетінің төрағасы, генерал Петр Павел егер Ресей Қырым немесе Украинаның шығысындағыдай НАТО-ның Шығыс Еуропадағы мүшелеріне қандай да бір әрекет жасаса солтүстік альянс оған жауап беруге мәжбүр болатынын мәлімдеді.

24 мамырда Азаттыққа берген сұхбатында Павел НАТО-ның шығысындағы қанатында әскери күшінің артуы Ресейдің Грузия, Украина және Сириядағы әскери іс-қимылына тікелей жауап болып саналатынын айтты.

Чехияның НАТО-дағы өкілі Петр Павел егер Ресейдің Грузия, Украина, Қырым және Сирияда танытқан әрекетінде басқыншылық болмағанда НАТо тарапынан да реакция танытылмайтынын" айтты. Оның сөзінше, НАТО мен оның әсіресе шығыстағы мүшелері "Ресейдің өз-өзіне деген сенімділігі мен басқыншылығынан қауіп сезінеді". Павел Ресеймен шекаралас мемлекеттер өз территориясында НАТО әскерінің болғанын және НАТО-ның іс-қимылға дайын болғанын қалайтынын жеткізді.

Генерал Ресейдің ымыраны әлсіздік таныту деп түсінетініне өкініш білдірген.

НАТО әскери комитеті альянстағы басты әскери орган және азаматтық билікке әскери ұсыныстар білдіретін негізгі дереккөз саналады.

XS
SM
MD
LG