Accessibility links

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды


Алматы облысындағы орта мектепте өткен соңғы қоңырау (Көрнекіс урет).

Алматы облысындағы орта мектепте өткен соңғы қоңырау (Көрнекіс урет).

Қазақстандағы орта мектептерде бүгін оқу жылын аяқтаған соңғы қоңырау соғылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 11-сыныпты 120 мыңнан астам түлек бітіреді. Олардың 4 мың 832-сі "Алтын белгіден" үміткер. Биыл тоғызыншы сыныпты бітіретіндер саны 244 мыңнан асады.

Жыл сайынғы мектеп бітіру және жоғары оқу орнына түсу емтиханы саналатын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биыл 2-15 маусым аралығында өтеді. Министрлік мәліметінше, 87 мыңға тарта түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да межелі балл жинай алмаған түлектер тестті ақылы түрде екінші рет тапсыра алатынын мәлімдеген. Министрлік бұған қоса келесі оқу жылынан бастап мектеп бітіру емтизаны мен жоғары оқу орнына түсу емтиханын екі кезеңге бөлуді қарастырып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG