Accessibility links

Мәсімов Си Цзиньпин идеясын "ғасыр жобасы" деп атады


Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі. Астана, 24 мамыр 2016 жыл.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі. Астана, 24 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің "Бір белдеу, бір жол" жобасын 21-ғасырдағы ең ірі жобалардың бірі деп атады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Мәсімов бұл туралы Астанада бүгін басталған Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар мен орнықты даму" деп аталатын форумда айтты. Мәсімов Цзиньпиннің 2012 жылы Астанада Назарбаев университетінде оқыған дәрісінде "Бір белдеу, бір жол" жобасы мен оның саяси, сауда, транспорт, қаржы және адами өлшемдер бойынша дамуы туралы айтқанын еске салды.

"Қазақстан президенті бұл идеяны бірден қолдады, біз оны іс ке асыруға кірістік. "Бір белдеу, бір жол" жобасы 21-ғасырдағы ең ірі жобалардың бірі болады деп ойлаймын. Ол әлем халқының төрттен үшіне жуығын біріктіріп, өзара іс-қимыл мен кооперацияның мүлдем басқа жүйесін құрады" деді Мәсімов.

Оның сөзінше, Ұлы Жібек жолы немесе "Бір белдеу, бір жол" жобасы ол "ортақ тарихымыз, ал даму мен көркею - барлығына ортақ мүдде".

Астана экономикалық форумы 26 мамырға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға 80-нен астам елден бес мыңнан астам делегат қатысады. Биылғы форумның тақырыбы - "Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы" деп аталады.

XS
SM
MD
LG