Accessibility links

Мұхамедиұлының кешірім сұрағаны хабарланды


Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан мәдениет және спорт министрі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан мәдениет және спорт министрі.

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бірер күн бұрын Мәскеуде жұмыс істейтін қырғыз жастары туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрағаны хабарланды. Министрлік баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Мұхамедиұлының кешірім сұрағаны туралы мәлімдемені оның орынбасары Ғалым Ахмедияров мәлімдеген.

Мұхамедиұлы 23 мамырда Астанада жұртшылыққа есеп беру кезінде "Қырғызстандағы жұмыссыздық кесірінен жас қырғыз қыздар Мәскеудегі қоғамдық дәретханаларда қара жұмыс істеуге мәжбүр" деген мазмұнда мәлімдеме жасаған. Ол "қырғыз қыздар елдерінде жұмыс жоқ болғандықтан сыртта жұмыс істеуге мәжбүр екенін" және оны қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов "алдын ала біліп, ескерткенін" айтқан. Министр Мұхамедиұлының бұл сөзі Қырғызстан мен Қазақстанда бірдей көпшілік талқысына түсіп, сынға іліккен.

Мәскеуде жұмыс істейтін қырғызстандықтар Мұхамедиұлының бұл мәлімдемесіне наразылықтарын білдіріп, өздерінің "нанын адал еңбекпен тауып, өз елі экономикасына қолдау көрсетіп отырғанын" мәлімдеген.

Қазақстандық бірқатар қоға белсендісі министрдің бұл сөзі үшін қырғыз халқынан кешірім сұраған.

24 мамырда Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның осы елдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Ербол Ахметовті шақырып алып, наразылық нотасын тапсырғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG