Accessibility links

Кабул маңында жарылыстан 10 адам мерт болды


Кабул маңында болған жарылыс орны. Ауғанстан, 25 мамыр 2016 жыл.
Кабул маңында болған жарылыс орны. Ауғанстан, 25 мамыр 2016 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабул маңында бүгін сот қызметкерлері мінген көлікке шабуыл жасалып, 10 адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Жанкешті шабуылы Кабулдың батысында болған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даниш шабуылдаған адам таңертең кісі қарасы көп кезде көлік жанында жарылғыш заттары бар белдемшесін іске қосқанын хабарлады. Қаза тапқандар мен жаралылар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG