Accessibility links

Савченконы ресейлік тұтқындарға айырбастайтыны хабарланды


Надежда Савченко.

Надежда Савченко.

Расталмаған ақпараттарға қарағанда, Украина Ресейде тұтқында отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға айырбастау үшін ресейлік екі тұтқынға рақымшылық жасады.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Украина президенті Петр Порошенко мен мен ресейлік екі тұтқын отырған ұшақ 25 мамырда тұтқын айырбастау үшін Дондағы Ростав қаласына ұшып кеткен.

Ресейлік екі тұтқынның бірінің адвокаты Оксана Соколовская "Мендегі бейресми ақпараттар бүгін рақымшылық жасалып, айырбас болатынын айтады" деді.

Reuters агенттігінің дереккөзі қазір тұтқын айырбастау шаралары жүріп жатыр ма деген сұраққа "иә" деп жауап берген.

Ресей Савчкенконы наурызда Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған.

Савченко журналистер өліміне қатысы барын жоққа шығарып, өзін рсеейшіл сепаратистер ұрлап, Ресейге беріп жібергенін айтады.

Украина Донбаста ұсталған ресейлік екі азамат Александр Александров пен Евгений Ерофеевті Украина шығысында сепаратистер жағында соғысты деп әрқайсысын 14 жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG