Accessibility links

Бишимбаев: Қазақстан экономикасының өсімі 1 пайыз болады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев биыл "оптимистік болжам жасағанда" Қазақстан экономикасының өсімі 1 пайызды құрауы мүмкін деп санайды. Бешімбаев мұны Астана экономикалық форумы аясында айтты.

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтында Бешімбаевтың ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша экономикалық өсім "кем дегенде 0,5 пайызды құрайтыны" деген сөзі келтіріледі. Экономикалық болжам мұнай бағасының баррелі 30 доллар болады деген есеппен жасалған.

"Қазір мұнай бағасы өскенін көріп отырсыздар. Әрине, бұл Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймайды. Теңге бағамының тұрақтануы мен инвестициялық ахуалдың жақсаруы бәрібір оптимистік болжам жасауға негіз болады" деген Бешімбаев.

Ал халықаралық рейтинг агенттіктері бұған дейін биыл Қазақстан экономикасында төмендеу болады деген болжам жасаған. Халықаралық Firch агенттігі сәуірде Қазақстан жалпы ішкі өнімі биыл 1 пайызға төмендейді деп болжаған. Наурызда Standard & Poor's агенттігі 2016 жылы Қазақстан жалпы ішкі өнімінің өсімі нөл пайыз немесе кері кетуі мүмкін деп хабарлаған. Агенттік сарапшылары ұзақ мерзімдік эконмикалық болжам мұнай бағасының құбылуы мен Қашаған жобасының іске асуына және құрылымдық реформаларды жүргізуге байланысты болатынын айтады.

XS
SM
MD
LG