Accessibility links

Азаттық тілшісі Хадиджа Исмаилова босатылды


Журналист Хадиджа Исмаилова

Журналист Хадиджа Исмаилова

Әзербайжанның жоғарғы соты Азаттықтың жеті жарым жылға сотталған журналисі Хадиджа Исмаилованы босатуға үкім етті.

Хадиджа Исмайлова 2014 жылы 5 желтоқсанда "адамды өзін-өзі өлтіруге мәжбүр етті" деген айыппен тұтқындалған. Кейін бұл айыпты айып тастап, "экономикалық қылмыс жасады" деген айып таққан. Журналист 2015 жылы қыркүйекте осы айып бойынша жеті жарым жылға сотталған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны соттауды биліктегі жемқорлықты тексерген мақалаларымен байланыстырып, тілшіні босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG