Accessibility links

Савченкоға "Украина қаһарманы" атағы берілді


Надежда Савченко (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2016 жыл

Надежда Савченко (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2016 жыл

25 мамыр күні тұтқын айырбастау келісімі бойынша Ресейде қамаудан босатылып, Киевке жеткізілген Надежда Савченкоға Украина президенті Петр Порошенко "Халық қаһарманы" атағын берді.

2014 жылғы маусымнан бері қамауда отырған әскери ұшқышты қарсы алу шарасында сөз сөйлеген Порошенко Савченконы босату ісіне үлес қосқан барша халыққа, халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінің жетекшілеріне алғыс білдірді. Президент әкімшілігіндегі кездесу кезінде бір жымимаған Надежда Савченко "халықтың талап-тілегі болмаса саясаткерлердің өзін құтқарып алуы неғайбіл еді" деген күдігін айтты. Ол қаһарман атағын қабыл ала тұрып: "Украина халқына қызмет етемін!" деді.

Салтанатты шараға Надежда Савченконың отбасы да қатысты.

Екі жыл бұрын Донбаста ресейшіл сепаратистердің қолына түсіп, 2015 жылғы наурызда Ресейдің Ростов облысында 22 жылға сотталған Савченкоға "ресейлік екі журналисті өлтірді" деген айып тағылған. Тікұшақ пилоты кінәсіз екенін айтып, "өз ісінің саяси астары бар" деп мәлімдеп келген.

XS
SM
MD
LG