Accessibility links

Азаптауға қарсы күрес бойынша сарапшылар Украинаға сапарын үзді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы күрес бойынша сарапшылары Украинаның кейбір аудандарына өздерін жібермеген соң бұл елге сапарын үзді. Ол аудандарда арнайы қызметтер кей адамдарды ұстап отыруы мүмкін деген ақпарат болған. Украинаға 19 мамырда келген БҰҰ делегациясы 26 мамырда тексеру жүргізуді жоспарлаған еді. Ресми мәлімдемеде сарапшылардың өздеріне жүктелген міндетті атқаруға мүмкіндік ала алмай отырғаны айтылған.

Делегация басшысы Малкольм Эванс өз әріптестері «тұтқындағыларды азаптауы мүмкін деген күдікке ілінген жерлерде қамауда отырған кейбір адамдар» туралы болжамдар естігенін хабарлады. Бұл жолы мамандар Украинаға мұның алдындағы 2011 жылғы сапарынан кейін халықаралық ұйым өкілдері тарапынан берілген кеңестердің қалай орындалып жатқанын бағалау мақсатымен барған.

XS
SM
MD
LG