Accessibility links

Францияда неандертальдықтар «құрылысы» табылған


Чарльз Р. Найттың "Неандертальдықтар" картинасы. (Көрнекі сурет.)

Чарльз Р. Найттың "Неандертальдықтар" картинасы. (Көрнекі сурет.)

Франциядағы үңгірді зерттеген сарапшылар одан табылған жұмбақ шеңбер құрылыстарды осыдан 170 мың жылға жуық бұрын неандертальдықтар салған деген болжам айтып отыр. Ғалымдардың пікірінше, жаңадан табылған құрылыстар неандертальдықтардың бұған дейін айтылып келгендегіден әлдеқайда епті болғанын дәлелдейді.

Сталагмит қалдықтарынан салынған аласа қабырғалы көне алты құрылыстың қалдықтары табылғаны туралы ақпаратты Nature журналы жариялаған. Сарапшылар бұл құрылыстардың қандай мақсатқа пайдаланғаны әзірше жұмбақ екенін айтады.

Терең үңгір түкпірінен табылған көне алты құрылыстың ең ірісінің диаметрі жеті метрді құрайды. Ортаңғы тас ғасырында Еуропа құрлығын мекендеген неандерталь адамдары осыдан 40 мың жылдай уақыт бұрын Африкадан саналы адамдар (homo sapiens) қоныс аударып келе бастаған соң жойылып кеткен.

XS
SM
MD
LG