Accessibility links

Швейцария диктаторлардың ұрлық ақшасын еліне қайтаруды жеңілдетпек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Швейцария үкіметі биыл шілде айынан бастап күшіне енгізілетіні туралы жария еткен жаңа заң бұл елдің банктеріне шетелдік диктаторлар тыққан қаражатқа арест салу және оларды алған елдеріне қайтару рәсімін бұрынғыдан жеңілдетпек. Жаңа заң билікке ұрланған қаржы қозғалысына тыйым салуға және оны тіпті халықаралық әріптестік механизмдері арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда да еліне қайтаруға мүмкіндік береді.

Швейцария үкіметі осы жаңа заң арқылы әлемдегі жемқор басшылардың ұрлаған ақшасын тығатын «банк ұжмағы» атағынан құтылғысы келеді. Осы кезге дейін Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович, Тунистің бұрынғы басшысы Зин әл Абидин Бен Әли және Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәракқа қатысты үш шешім орындалған.

Швейцария сыртқы істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, Януковичке қатысы бар 70 миллион доллар, Египеттің талабы бойынша 650 миллион доллар және Тунис ісіне байланысты 61 миллион доллар шоттағы қаражат бұғатталған.

XS
SM
MD
LG