Accessibility links

Астана мәслихаты пантеон салу үшін қала аумағын кеңейтуді мақұлдады


Астананың көрінісі.

Астананың көрінісі.

Астана мәслихаты бүгінгі сессиясында ұлттық пантеон құрылысын салу үшін қала территориясы аумағын кеңейту туралы шешім қабылдады. Қала аумағы шекарасын қосымша территория қосу арқылы кеңейту туралы ұсынысты мәслихатқа жер қатынастары мен жерді қорғау және пайдалануды қадағалау жөніндегі басқарма енгізген.

Астана қаласына Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Талапкер ауылдық окургтері территорияларынан 1419 гектар жер берілмек. Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен идея бойынша Астана қаласынан 13 шақырым қашықтықта аумағы 959 гектарды құрайтын ұлттық пантеон салу жоспарланып отыр.

Осы айдың басында қазақстандық баспасөз құралдары пантеон құрылысы 79 миллиард теңгеге (шамамен 235 миллион доллар) жуық соманы құрауы мүмкін деп хабарлаған еді. Бұл хабар әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған. Пантеон салу қажеттігіне күмән білдірген кейбір қолданушылар оның құрылысынан гөрі қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсау туралы ұсыныс айтқан.

XS
SM
MD
LG