Accessibility links

Қырғыз банктерінің борышкерлері АҚШ елшілігі алдында шеру өткізді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан астанасында АҚШ елшілігі алдында бүгін «Борышкерлер құқығын қорғау жөніндегі халықтық қозғалыс» наразылық акциясын ұйымдастырды. Үкіметтік емес ұйымдар негізін қалаған немесе құруға атсалысқан бірнеше банкке қарсы акцияға 200-ге жуық адам қатысқан.

Жиналғандар бұған дейін әлгі банктерден алынған несиелерді жоюды, ал банктерді Қырғызстан үкіметіне беруді талап еткен.

Акцияға қатысушылар Қырғызстандағы АҚШ елшілігіне қалыптасып отырған жағдайдың себептері баяндалып, қаржы ұйымдарының қызметіне ықпал етуді сұраған үндеу-хат тапсырған.

XS
SM
MD
LG