Accessibility links

Қазақстан президенті ресейлік Сбербанк басшысымен кездесті


Ресейлік Сбербанк басқармасы төрағасы Герман Греф.

Ресейлік Сбербанк басқармасы төрағасы Герман Греф.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ресейлік Сбербанк басқармасы төрағасы Герман Грефпен кездесті. Кездесу барысында Сбербанктің Қазақстандағы қызметінің мәселелері және елдің қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Бүгін таратылған ақпаратқа қарағанда, Назарбаев пен Грефтің кездесуіне Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев те қатысқан. Назарбаев Грефпен бұл күндері Астанада өтіп жатқан экономикалық форум аясында кездескен.

– Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда тәуекел менеджементін жетілдіру және соңғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр, – деген Грефтің сөзін келтіреді Ақорда.

Қазақстан президенті қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындыққа тап болғанын мәлімдеп, «проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудің маңызды» екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG